Домой Басты жаңалықтар Түркістан: Су тапшылығын жоюға арналған ауқымды жұмыс жүруде

Түркістан: Су тапшылығын жоюға арналған ауқымды жұмыс жүруде

Түркістан облысында су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, ағын су мәселесі сауатты шешілуде. Облыс орталығы шөлейтті аумақта орналасқандықтан қаланың микроклиматын өзгерту үшін қала көшелерін суландыру жүйесі іске қосылды. Түркістан қаласы аумағындағы аудандарда су тапшылығын шешу мақсатында, ірі су нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу», «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, ағын су тапшылығының тәуекелділігі әлі де жоғары екенін ескеріп, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары әзірленіп жатыр.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл жобалардың Түркістан өңірін кепілді ағын сумен қамтамасыз ететін болатынына сенімді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыс барысын пысықтады. Жүргізіліп жатқан жаңа суландыру жүйелерімен танысып, жауапты басшылалға тиісті нұсқаулар берді. Суландыру жүйесі Түркістан қаласындағы Құлан ақын көшесі мен Яссы көшесі аралығындағы көшелерге, Ақан сері көшесі мен Ынтымақ көшесі аралығындағы көшелерге, Яссы мен Б.Саттарханов даңғылы аралығындағы көшелерге жүргізілген.