Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің спорт кешенінде 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған спорт түрлерінен БАҚ өкілдері арасында турнир өтті.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының 3 жылдығы аясында бастауын алған спорттық шарада 8 команда бақ сынады.
Журналистер арасында достық пен əріптестікті ту еткен дәстүрлі спартакиадаға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай қатысты.
«Túrkistan» телеарнасы, «Рейтинг – Собкор» командасы, «Отырар» телеарнасы, «Түркістан БАҚ», «Оңтүстік Қазақстан» газеті, «Шамшырақ» газеті,«Нар тв» телеарнасы, «Оńtústik» телеарнасының командалары волейбол, арқан тартыс, шахмат сынды спорт түрлерінен додаға түсті. Дода қорытындысы бойынша арқанды тартудан «Рейтинг–Собкор» командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орынды «Оńtústik» телеарнасы, үшінші орынды «Túrkistan»телеарнасы алды.
Шахматтан Кентау қаласынан келген Асхат Шотаев үздік деп танылды, екінші орын «Рейтинг-Собкор» командасынан Асылбек Төретаевқа, үшінші орын «Шамшырақ» газетінен Фархат Сейдалиевке бұйырды. В
олейболда «Ontustik» телеарнасының бірінші орынды алса, екінші орында «Turkistan» телеарнасы, үшінші орында — «Рейтинг-Собкор» командасы жеңіп алды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды «Рейтинг – Собкор» командасы, екінші орынды «Оńtústik» телеарнасының командасы, ал үшінші орынды «Túrkistan» телеарнасының тілшілері иеленді.
Белсенді қатысқаны үшін «Нар тв» телеарнасынан
Рахат Сейдуалы, «Шамшырақ» газетінен Нұрбол Нышанбай, «Түркістан БАҚ» тілшісі
Райым Әлібаев, «Кентау шұғыласы» газетінен Қайрат Зайнишев, «Отырар»
телеарнасы Руслан Балабеков марапатталды.