Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА ТЫҢ БАСТАМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ТЫҢ БАСТАМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Облыс орталығында бүгіннен бастап әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар үшін «Тегін — Қайырымдылық дүкені” жұмыс жасайды. “Ұлы Жеңіс күні” қарсаңында ашылу салтанаты өткен дүкен облыстық ақсақалдар алқасы мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің бастамасымен қолға алынған.
Аталған шараға қала әкімі Ә.Өсербаев, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сауабы мол істің тұрғындар игілігі үшін қажеттілігі орасан екенін айтқан шаһар басшысы Ә.Шәріпбекұлы өз тарапынан қолдау білдіруге дайын екендігін жеткізді.
“Дүкен аптаның тек сәрсенбі күні жұмыс жасайды. Мұнда қаланың 8 мөлтек ауданының көше комитетінің төрағалары жасаған тізімдер бойынша мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек қажетілігіне қарай берілетін болады. Нақтырақ айтқанда, әр аптада 40-50 адамға көмек көрсетілмек. Ол тізімге көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар енгізіледі”, — деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Әзіретбергенов.
Қазіргі таңда дүкенде 2 тонна азық-түлік, 4 мың дана киім бар. Негізінен дүкеннің қоры қаладағы демеушілердің есебінен толықтырылады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі