Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН: ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Түркістан қалалық емханасында ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері аталмыш мекеменің 60-қа тарта қызметкерлерімен кездесті. Атап айтсақ, кездесуге Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан қалалық қоғамдық штабының мүшелері Ж.Раева, А.Темірбаев және Г.Алдабергенова мен Б.Стамқұлов қатысуда.


Үміткерге қолдау көрсету мақсатындағы басқосуда баяндама жасаған «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының орынбасары А.Темірбаев ел басқарудағы тәжірибесі толысқан Қасым-Жомарт Кемелұлына мемлекет тізігінін тапсыру болашаққа жасалған нық қадам екенін сеніммен жеткізді. Осылайша өрбіген кездесуден Қазақстан Республикасының Президенттігіне лайықты тұлға Қасым-Жомарт Тоқаев деген байлам жасауға болады.