Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫН ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

Қаламыздағы Түркістан гуманитарлық техникалық колледжінде ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының белсенді өкілдері облыстағы этно-мәдени орталық өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуді Түркістан қалалық қоғамдық штабының төрағасы, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелері, сенімді өкілдері, қоғам қайраткерлері, партияның белсенділері, зиялы қауым өкілдері, облыстық филиал саяси кеңесінің мүшелері мен облысымыздағы этно-мәдени орталықтың төрағалары және жастар қатысты.


Елбасымыз «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқының бірлігін сақтап қалуда Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, барлық этнос өкілдерін бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруге жағдай жасады. Аз ғана уақыт аралығында Ассамблея көптеген этностар арасындағы өзара сыйластық пен татулықтың бірегей институтына айналды. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде.
Осы тұрғыдағы кездесуде «Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын Түркістан облыстық қоғамдық штабының төрағасы Ұ.Сәдібеков, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов, облыстық «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы М.Лимаренко, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы жастар қанатының төрағасы А.Сатывалдиев, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы Х.Бациев кеңінен жан-жақты түсіндіріп, 9 маусым күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа бірауыздан дауыс беруге шақырды.