Домой Басты жаңалықтар «BIRGE» АКЦИЯСЫ – ӘР ҰСЫНЫСТЫ ЕСКЕРЕДІ

«BIRGE» АКЦИЯСЫ – ӘР ҰСЫНЫСТЫ ЕСКЕРЕДІ

Елімізде 13-мамыр мен 7-маусым аралығында «BIRGE» жалпыұлттық акциясы өтеді. Республикамыз бойынша ұйымдастырылған акция я Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына негізделген.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен кандидаттың сенімді өкілдері түркістандықтарға арнайы парақшаларды таратуда. Басты ерекшелігі парақшаны толтыру арқылы кез келген азамат ұсыныс-тілектерін білдіруіне болады. Акцияны жүзеге асыру мақсатында арнайы шатыр тігіліп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. «Жасотандықтардың» жүйелі жұмысымен танысқан Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының облыстық қоғамдық штабының төрағасы Ұласбек Сәдібеков штаб тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті.