Домой Әлеумет ЖАСТАРДЫ ШЕБЕРЛІККЕ БАУЛУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖАСТАРДЫ ШЕБЕРЛІККЕ БАУЛУ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ


Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды жан-жақты тәрбиелеу маңызды іс саналады.
Осындай тәрбиенің бір негізі ретінде Түркістан облысы, Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бозай ауылдық округінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және қол өнерлері бар жастарға қолдау көрсету мақсатында «Шебер қолдар» тақырыбында жастарға қолөнер үлгілерімен түсіндіру жұмыстары өтті.
Жалпы, ауыл жастарының мәселелеріне, оның ауылдық жерден қалаларға қоныс аударуына және бұдан кейінгі бейімделуіне, жұмысқа орналасуына қатысты түйінді мәселелер аз емес. Жастардың кейбір бөлігі өздерінің күш-қуаты мен білімін қайда жұмсарын білмейді. Жастар проблемаларының бүгінгі жағдайы бұл жұмыста жаңа басымдықтармен тетіктерді әзірлеуді талап етеді. Осы ретте аталған шараның жас өскінге берер тағылымы мол.