Домой Әлеумет Түркістандық шәкірттер Rixos қонақ үйлер желісі орналасқан әлемнің кез келген елінде жұмысқа...

Түркістандық шәкірттер Rixos қонақ үйлер желісі орналасқан әлемнің кез келген елінде жұмысқа орналаса алатын болады

 
 
Халықаралық туризм және меймандостық университеті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 129 қаулысымен «Халықаралық Туризм және меймандостық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды. Университетті құру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген болатын.
 
Халықаралық туризм және меймандостық университеті Қазақстанда туризм және спорт саласында мамандар даярлау бойынша халықаралық деңгейдегі салалық жоғары оқу орындарының алғашқыларының бірі деуге болады. Университет Орталық Азияның көне, тарихи қалаларының бірі – Түркістан қаласында орналасқан.
2021 жылдың сәуір айының 19-да Халықаралық Туризм және меймандостық университеті мен Antalya Bilim университеті (Түркия) (ABU) арасында TELP (Tourism Experiental Learning Program) туризмді эксперименттік оқытудың халықаралық бағдарламасы шеңберінде шартқа қол қойған болатын. TLP бағдарламасы бойынша осы келісімнің серіктесі — Rixos қонақ үйлер желісі (Түркия).
 
Университеттің алғашқы 50 студенті 31 мамырда тәжірибе алмасу үшін Түркия еліне аттанбақ. Rixos Hotels ABU-мен бірге қазақстандық студенттерге оқу және біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін ұсынады, бұл — болашақта оларға қызмет көрсету саласында әлемге танымал мамандар мен менеджерлер болуға ықпал етпек. Бағдарламаның басты артықшылығы — ABU TELP бағдарламасын сәтті аяқтаған балалар Rixos қонақ үйлерінде, ең алдымен Қазақстанда, сондай-ақ осы қонақ үйлер желісі орналасқан әлемнің кез келген елінде жұмысқа орналасу кезінде басымдыққа ие болуы.
 
Бұл бағдарлама туризм және мейрамхана-қонақ үй ісі мен бизнес саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге әлемді көруге, жаңа құзыреттер, дағдылар алуға, өздерін көрсетуге және болашақ мамандығы аясында табысты мансаптың берік негіздерін қалауға мүмкіндік береді.
 
Толықақпаратты https://iuth.edu.kz/ сайтынан біле аласыздар.