Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен «Universal medical Center» корпоративтік қоры меморандумға қол қойды.
Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен «Universal medical Center» корпоративтік қорының басшылары екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ондағы мақсат дәрігерлердің біліктілігі мен білімін арттыра отырып, өңірдің медицина саласын дамыта түсу. Яғни, түзілген келісім-шарт негізінде түркістандық дәрігерлердің елордалық ақ халаттылармен өзара тәжірибе алмасып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалады.
Алдағы
күндері «Ұлттық ғылыми ана мен бала денсаулығы» орталығының мамандары облыс
орталығына арнайы келіп, жергілікті ақ халаттылармен халыққа қызмет көрсет
көрсету жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр. Онда ана мен баланың
денсаулықтары тексеруден өткізіліп, тиісті ем-дом шаралары жүргізіледі. Айта
кетейік, жылына 65 мыңға жуық сәби дүниеге есігін ашатын Түркістан облысы
табиғи өсім бойынша республикада көш бастап тұр. Жыл басталғалы 25 мыңнан астам
бүлдіршін дүние келген.