Домой Әлеумет Түркістанда рейдтік шаралар өтуде

Түркістанда рейдтік шаралар өтуде

Түркістан қаласында арнайы мобильді топтар карантин талаптарының орындалуына рейдтік шара өткізді.
Мониторинг жүргізу барысында 4 мобильді топ 20-дан астам нысанды аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады.
Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 6 маусым күнгі N23 қаулысына сәйкес, облыс аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу жөніндегі шектеу іс-шаралары және карантин режимі ұзартылған болатын.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин режимінің коронавирустық инфекция жағдайы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезеңге дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы көрсеткіштер бойынша, Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ден асты!

Эпидемиологиялық ахуал тұрақтануы үшін өсім 1 апта аумағында 5%-дан аспауы қажет. Егер өсім 2%-дан аспаса, бұл қосымша жеңілдіктер енгізілуіне негіз болады.

Жүргізілген рейд барысында кәсіпкерлерге сақтық шаралар сақталмаған жағдайда өсім көрсеткіші төмендемейтіні, бұл өз кезегінде карантиндік талаптарды қайта күшейтуге алып келетіні түсіндірілді. Әсіресе, қарапайым сақтық шараларына ерекше назар аударылуы тиістігі ескертілді.

Мобильді топ жұмысына Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Түркістан облысы мен қала әкімдіктерінің өкілдері, Түркістан қалалық полиция басқармасының басшысы бақылау жүргізді.