Келес ауданының жастары 81 жастағы қарияға қолғабыс етті. Жүзімдік ауылдық округінің тұрғыны Танабай Абдраманов 1939 жылы дүниеге келген. Жастық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген ақсақал, бүгінде мүмкіндігі шектеулі баласымен бірге тұрады.
Аудандық «Жастар ресурстық орталыңы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерікті жастар ақсақалдың үйіне барып, күнделікті жұмыстарына қолғабыс етуде.
«Келес-Абай» қайырымдылық қорының демеушілігімен жиналған қаржыға азық-түлік пен көрпе жастықтар алып берді. Құрылыс материалдарын алып келіп, еденін ретке келтірді. Сондай-ақ, кілем мен газ плиталарын сыйға тартты.