Домой Әлеумет Түркістан: Ауыл мешітінде күнде ауызашар өтуде

Түркістан: Ауыл мешітінде күнде ауызашар өтуде

Созақ ауданындағы Созақ ауылында орналасқан Ханака мешітінде оразаның отыз күн бойында ауызашар берілуде. Арада бос күн жоқ. Ауыл халқы алдын ала кесте жасап, барлық күндерді өзара бөліп алған.
Жуырда 1984 жылы туылған жастар өзара ұйымдасып, ауызашар берді. Қой сойып, құран оқытты.
Бәтуәлі басқосу барысында ел бірлігі, жастар тәрбиесі жайында ел ағалары орамды ойларын айтты.