Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен байрақты бәсекеде әр облыстың полицейлері күш сынасты.
Аталған жарысқа Түркістан облысының атынан қатысқан полиция қызметкерлері өз шеберліктерін көрсетіп, командалық есепте 1-орынды иеленді.
Сондай-ақ, Түркістан облыстық Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Қажығали Қожабеков пен Нұрбол Құрбан спорттық және жауынгерлік самбо күресінен өткізілген Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі III-орынды жеңіп алды.
Жандарына спортты серік еткен қос полицей бұған дейінде көптеген жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген болатын.