Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының полицейлері жеңімпаз атанды.
Спорттық және жауынгерлік самбо күресінен күш сынасқан полиция қызметкерлері өз шеберліктерін көрсетіп, командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Сондай-ақ, Түркістан облыстық Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Қажығали Қожабеков пен Нұрбол Құрбан жүлделі III-орынды жеңіп алды.
Жандарына спортты серік еткен қос полицей бұған дейінде көптеген жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген болатын.