Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА НӘТИЖЕСІНДЕ БІР КҮНДЕ 144 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА НӘТИЖЕСІНДЕ БІР КҮНДЕ 144 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде 144 құқықбұзушылық анықталды

Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мұндағы мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.
Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні 327 білім беру мекемелерінде 267 әңгімелесу мен дәрістер өткізілді. 126 кәмелетке толмағандарға құқықтық көмек көрсетіліп, кеңес берілді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында 144 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша – 13 ата-ана, 131-бап «Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу» бойынша — 1, 434-бабы «Ұсақ бұзақылықпен» — 7, 435-бап «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық»-3, 440-бап «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келумен»-4, 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша -104 жасөспірім анықталып, тиісті шаралар көрілді.
Айта кетейік, «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы Түркістан облысы аумағында наурыз айының 15 дейін жүргізіледі.