Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР АЛЛЕЯСЫ» САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР АЛЛЕЯСЫ» САЛЫНУДА

Түркістан облысының Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, халықтың  көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде жоспарға енген құрылыс нысандарының  бірқатары белгіленген нысандарының  құрылысын бастап та  кетті.

Мысал ретінде біреуін алып  айтатын болсақ қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, абаттандырылады.

Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Алаңда су бұрқақтар құрылысы басталып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орнының алдында  келішілерге арналған арнайы автотұрақ та салынатын болады.