Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «NURBANKТЫҢ» ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «NURBANKТЫҢ» ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында шаһар экономикасының өркендеп дамуына үлес қосуды мақсат еткен банктің қызмет көрсету орталығы ашылды.

Нақтылап айтар болсақ, «NURBANK» Акционерлік қоғамының Сайрам ауданына орналасқан Түркістан облысы бойынша филиалы арнаулы орталық ашып отыр. Басты назарға алынғаны өз клиенттеріне барлық жағдай жасай отырып, қызметтің барлық түрлерін қолжетімді етіп ұсыну қарастырылған.

Банктің облыстағы филиалының директоры Сакен Джасенов нақтылы қажеттіліктен туындап отырғанын айта келіп, бүгінгі таңда облыстың бірнеше өңірінде осындай орталықтардың бой көтергенін, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етіп жатқанын атап өтті. Жаңа ашылып жатқан орталықтың алдағы уақытта облыстық филиалға айналуы қажет екенін тілге тиек етті.

Ел игілігі үшін Тәуке хан даңғылы бойында шаңырақ көтерген атаулы орында 6 қызметкер, атап айтар болсақ, олардың басшы, касса бөлімі, заңды және жеке тұлғаларға, шағын және орта бизнес қызметтеріне жауапты маман деп аталатын жұмыс бөлістері бар.