Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЕРЕКШЕ КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЕРЕКШЕ КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ

Жаңа жыл жақсылық пен жаңалықтың жаршысы. Сол себепті бүгін аудандық мәдениет үйінде мүмкіндігі шекеулі балаларға арналған мерекелік шырша өтті. Іс шара Түркістан облысының Түлкібас аудан әкімі Н.Тұрашбековтың құттықтауынан басталды.


Ауданда бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі 697 мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Олардың сауығуы, бос уақыттарын тиімді өткізуі, емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасалуда. Сонымен қатар, балалардың демалыс лагерлерінде демалуына, жоғары оқу орындарына түсуіне, оқу-құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді.


Аудан әкімі өз сөзінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасау, олардың ата-аналарына моральдық тұрғыда демеу жасау – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Біз үшін балалардың бәрі бірдей. Олар – біздің болашағымыз! Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасау, мұқтажын өтеп отыру назарымыздан тыс қалмайтынын айтып өтті.


Мерекелік іс шараға көптеген ертегі кейіпкерлері ерекше сән беріп, жиналған балаларға жан жылуын сыйлады. Шексіз қуанышқа бөленген балалар әсем шыршаны айнала жаңа жылдық тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып шат-шадыман болды. Кеш соңында балалар Аяз атамен және ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.