Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әкімдік, төтенше жағдай, полиция, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) қызметкерлерінен құрылған штабта 5-91-87 нөмірі арқылы мәселеңізді айта аласыз. Тәулік бойы мамандар сұрақтарға жауап беруге әзір. Сонымен қатар, мөлтек аудандарға бөлінген 5 мобильді топ жұмыс жасауда. Белгілі болғандай, тұрғындар мерекелік шаралар бойынша көптеп сауал жолдайды.



Әр мөлтек аудандағы кафелер, дәріхана, дүкен, монша сынды халық көп шоғырланатын орындарды бақылау күшейтіледі. Сәйкесінше, ақпараттық жадынамалар таратылып, заңсыз жұмыс жасағандарға шара көріледі.

Айта кетейік, ендігі базарларда тек азық-түлік дүкендері ғана жұмыс жасайды. Сондай-ақ, балабақшалар жұмысы бүгіннен бастап тоқтады.

Жиналысты нәтиже үшін өткізу қажеттігін ескерткен Рашид Аюпов, алдын алу және сақтық шараларын алдымен базар маңында ерекше назарға алуды тапсырды.