Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА 100 НАСИХАТ АТАДАН АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ

ТҮРКІСТАНДА 100 НАСИХАТ АТАДАН АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ

Түркістан облысы Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығының» КММ-НІҢ ұйымдастыруымен «Жанкент» ЖОМ базасында «100 насихат атадан» атты тақырыбында поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру.Аудан әкімі Н.Байғұттың «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз мерекесіне арналған «Даналық және білім күні»тапсырмасын орындау.

Республикаға танымал, жергілікті ақын Әбдібек Аралбайұлының шығармаларын, еңбектерін, жырларын өскелең ұрпаққа насихаттап, оқушылардың поэзияға құштарлығын арттыру.

«Мектепке кітап сыйла!» акциясы аясында жергілікті ақын Ә.Аралбайұлы «100 насихат атадан» атты кітабының 60 данасын және жергілікті жас қаламгер, Oinet.kz сайтының бас редакторы Абылайхан Есімбай өзінің төл туындысы “Кедей қызы» кітабының 60 данасын мектеп кітапханаларына сыйға тарту етті.

Мәжіліс залы талапқа сай безендіріліп,«Абай» ат.МЛ, «М.Ломоносов» ат.МГ. «А.Пушкин» ат.АТМЛ, Б.Садықов ат. ЖОМ, «Майлыкент» ЖОМ және «Жанкент» ЖОМ-нің жас оқырмандары өз қаламдарынан туындаған еңбектерін, Ә.Аралбайұлының шығармаларын нақышына келтіріп орындаса, «Жанкент» гимні, «Түлкібасым» әні шырқалып, кеш әсерлі өтті.

Кеш барысында Ә.Аралбайұлына Аудан әкімі Н.Байғұт мырзаның құттықтау хаты табысталды.Кеш соңында мектеп кітапханашылары мен мектеп оқушыларына аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаевтың «Алғыс хаты» тапсырылды.