Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Биыл волонтерлар жылына орай елімізде көптеген игі шаралар басталып та кетті. Соның бірі ретінде бүгінгі «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуын айтсақ болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты іс-шарада біршама мәселелер айтылып, маңызды шешімдер қабылданды. Бір қуантарлығы ендігі жерде волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінетіндігі жастардың көңіліне қуаныш ұялатты, қоғамдық игілікке бағытталған ортақ істерімізге үміт сыйлады. Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша шәкіртақы беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етілмек. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады.
Қазір Түркістан облысында 5000-нан астам волонтер бар. Алдағы уақытта олардың қатары 10 000 көбеймек.
Біз баршамыз бірге қоғам үшін қайыры бар жұмыстарды бастап та кеттік. Аудан, қалалық жастар орталықтарының жетекшілігімен 1000-ға жуық мектепте волонтерлікті негіз еткен өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарын жетілдіріп, жастарды оқытып, методологиялық көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта 60-қа жуық жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ерікті жастардың басын біріктіретін «Turan zhastary» еріктілер ассоциациясы жұмысын бастайды.
«Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің орталықтары еліміздің барлық өңірінде ашылады. Бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік оқыту және ақпараттық орталыққа айналады.
Волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыты бойынша жұмыс жасаймыз. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.
Еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тарту бағытында құрылған «Асыл Мұра» жобасы біздің облыста кеңінен жүзеге асады. Аталған бағыт аясында «Әлемге құшақ ашқан — Түркістан», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Open Еnglish» секілді бірнеше жобалар бастау алды.
Алдағы уақытта да үлкен істерді атқарып, игі бастамаларға ұйытқы боламыз. Түркістан жастары Президент бастамасын толығымен қолдайды.
Амалбек ӨМІРТАЙ,
Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы
директорының міндетін атқарушы