Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: «ЖАЙДАРМАН» САЙЫСЫНЫҢ МАУСЫМАШАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙДАРМАН» САЙЫСЫНЫҢ МАУСЫМАШАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. «Жайдарман»-қазіргі таңда телеарна арқылы көрсетіліп,көптің ықыласына бөленіп жүрген ерекше жобаларадың бірі

Бүгін Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Жайдарман» сайысының «Тәуелсіз елдің жастары» атты Маусымашар ойыны өтті. Сайыс ережесі хабарланған сәттен редактуралық жұмысқа дейін 40-тан астам команда өтініш білдеріген болатын. Сайыста «Кішкентай өспейді ма?», «От души», «Дарбаза ұландары», «Шымырбай», «Махамбет жастары», «Экслюзив 77», «Абылайхан жұлдыздары», «Таң қалма», «Ұлы дала жастары», «Жұрттың балалары», «Сезон», «Әуезов жастары», «Шәкәрім құрамасы», «Оскар», «63 жастары», «Тек қана жігіттер», «Ерікті жастар», «Заманауи қыздар», «Импровизация», «Интер», «Миллиард», «Интрига», «Жайдарлы жастар», «Ұлы дала балалары», «Достық», «Қапланбек жастары», «Толыбай жастары» және «Star boys» командалары «Сәлемдесу» кезеңімен өнер көрсетті.
Барлық командалар сайысқа жоғары дайындықпен келгендерін көрсете отырып, өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды өзек ете білді. Жақсы әзілдерімен келген командалар 1/8 ойынына жолдама алды.
Көптеген жастардың жүрегіне жол таба білген бұл ойын жарнаманы қажет етпейді,керісінше Жайдарманның өзі жарнама болып табылады. Сондықтан да зал көрерменге лық толы болды.1/8 ойынға жолдама алған 19 командаға сәттілік тілейміз!.