Ағымдағы жылдың 12 наурызы күні Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Полиция Департаменті, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірге Кентау қаласының Ынтымақ елді мекені маңында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде, заңсыз тасымалдаумен айналысқан қоғамдық көліктерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес, 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасатын болады.
Бұл ретте, заңды тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 349 бұйрығына сәйкес жолаушыларға қызмет көрсететінін атап өтеміз.