Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАН: ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық-дәрігерінің 06.06.2020 жылғы №39 қаулысы негізінде, Бәйдібек ауданында коронавирус індетінің тіркелуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды. Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде көшелерге, шектеу белгіленген жерлерге ішкі бекеттер қойылды. Осыған орай, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіріп өтті. Карантин шараларының орындалуын Бәйдібектік полицейлермен қатар Келес АПБ-нің қызметкерлері де бақылауға алып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Келестік тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертуде. Соның нәтижесінде өткен сенбі, жексенбі күндері Келес АПБ және Әкімшілік қызметкерлерімен біргелікте рейдтік шаралар іске асып, кафе-базарлар жұмыстарын ТО Бас санитарлық-дәрігерінің қаулысына сәйкес сенбі жексенбі күндері тоқтатты. Бұдан кейінгі күндері де полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескеріп жұмыс істеуін ұғындырып, қадағалап, рейдтік шараларын үздіксіз ұйымдастырып отыратынын ескертеміз.