Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СПОРТТЫҚ САЙЫСҚА ТҮСТІ

ТҮРКІСТАН: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СПОРТТЫҚ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Түркістан облысы Жетісай қаласында «Қазақстан Полициясы күні» мен полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлын еске алуға арналған волейболдан және шағын футболдан ерлер арасында спорттық жарыс ойындары ұйымдастырылды. Спорттық шара Жетісай қаласы Сырдария университетінің спорт залында жоғары деңгейде өткізілді. Аталмыш кең көлемді іс-шараға ТО Полиция департаментінің бастығы, облысымыздың бас полицейі полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков, аудан әкімі, марқұмның жұбайы мен ұл-қыздары, облыс бойынша жинақталған командалар қатысты.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын шараға Жетісай, Сарыағаш, Мақтаарал, Түлкібас аудандарының полицейлері, Жетісай аудандық сотының, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, аудандық прокуратурадан, білім бөлімінен және аудан студенттерінен құралған командалар бақ сынасты.


Екі күнге созылған спорт жарысының 1-ші күнінде футбол ұйымдастырылды. Аталмыш ойынға 6 команда қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті. Сонымен таңғы 10:00-ден басталып, кешкі 16:00-ге дейін жалғасқан ойында, І орынға Жетісай ауданы Асық ата кентінің полиция бөлімшесінің сақшылары, екінші орынға Мақтаарал АПБ-нен келген команда, ІІІ орынға Жетісай аудандық сотының командасы ие болды.
Одан әрі спорттық іс шара волейбол бойынша жалғасын тапты. Барлығы 9 команда сайысқа түскен спорттық ойын тартысты да қызықты өтті. Көрермендер қолдау білдіріп, спортшылардың шабытты ойынымен қыза түскен жарыста 3 команда ақтық сынға шықты. Қауіпті қызмет пен жааупкершілігі мол салада жүрген тәртіп сақшылар өздерінің спортқа деген құлшыныстарын көрсетіп, нәтижесінде арнайы әзірленген кубок пен бірінші орынды Жетісай АПБ-нің командасы, ІІ орынды Түркістан облысы Полиция департаментінен келген команда, ал ІІІ орынды Сырдария университетінің студенттері ұтып алды. Барлық жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен грамоталар табысталды. Сайыста бақ сынасқан командалардың ішінен үздік шыққан ойыншыларға арнайы алғыс хаттар үлестірілді. Спортты- серік еткен сақшылар, облыстық Полиция департаменті тарапынан жиі ұйымдастырылатын осындай салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған іс-шараларға үнемі белсене қатысатындықтарын тағы да бір дәлелдеді.