Ағымдағы жылдың маусымында Ежелгі ер түріктің бесігі – Түркістан қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР МҚІСЖҚІҚ Агенттігінің төрағасы Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қонақта болып, Агенттіктің Департамент өкілі А.Талғатұлымен ұсынылған жоғары академиялық белестерге жол ашатын «Adal auyl», «Adal aýdan» және «Adal óńіr» атты жобалар таныстырылды.
«Adal auyl» жобасы аясында Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында бизнес-субъектпен екі жақты келісім негізінде, ауылдың үлкен дүкенінің бірі сатушысыз қызмет көрсету пилоттық форматына өтіп, ауыл тұрғындарына қызмет етуде. Жоба аясында аталған ауылда бұдан бөлек мектептерде және мемлекеттік мекемелердің бірінде 5 «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды.
Сатушысы жоқ дүкендерде сатып алынған тауардың соммасын төлеу не төлемеу өз арының ісі. Осы негізде қоғам өкілдеріне үлкен сенім білдіру арқылы адалдықты дәріптеу жұмыстары жүргізілуде.
«Adal aýdan» жобасы аясында, қоғамның санасын ағарту мақсатында мұражай, театр және қорықтарда адалдық принциптерін пайдаланып кассаларды сатушысыз қызмет көрсету форматына өткізу жоспарлануда.
«Adal óńіr» жобасы бастамасымен өңірде республикалық маңызы бар нысандарда, олардың ішінде Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінде туристтерге қызметті автоматтандыру барысында, шетелдік туристтерге Қазақстанның академиялық адалдық дәрежесін дәріптеу мақсатында, барлық бақылаудағы кассалар сатушысыз форматына өткізу туралы Жобалық кеңседе арнайы қонақта болған Агенттік төрағасы және облыс әкіміне ұсынылды. Өз кезегінде, жобалық кеңсенің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мақсаты айқын жобаларына оң бағасын бере отырып, ұсынылған жобаларға қолдау көрсетілетіндігін атап айтты.