Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР -АРЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕ!

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР -АРЫСТЫҚТАРМЕН БІРГЕ!

Қәзіргі уақытта Түлкібас ауданында Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен 291 азамат жайғасқан. Ауданда Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің жатақханасынан эвакуациялық пункт ашылып, арыстықтардың біршамасы сол жерде орналасса, қалғандары аудан мешіттерінде, тұғындармен туған-туыстарының үйлеріне орналастырылды. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтар қажетті заттар және азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз етілген. Әр азамат медициналық тексеруден өтіп, балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында эвакуациялық пункт жанынан лагерь ашылған. Сондай-ақ, осы мақсатта Түлкібас ауданының көрікті жерлеріне саяхаттар да ұйымдастырылуда.
«Халықтың күші-бірлікте»-дегендей, бауырмал қазақ халқы осынау қиын сәтте бір үйдін баласындай жұмылып, мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсетіп жатыр. Түлкібастық тұрғындар да арыстағы жағдайға бей-жай қарап отырмай, қолдарынан келгенше көмектерін көрсетуде.
Ауданда Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты қоғамдық топ құрылған. Орталық мешітте тұрғындар тарапынан төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен арыстық бауырларға барлық қажетті азық-түлік, киім-кешек сондай-ақ күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар қабылдануда. Қазіргі таңда жиналған заттар топтың жеке бақылауымен зардап шеккен азаматтарға таратылуда.
Сонымен қатар, Түлкібас теміржол станциясында оқиғаға орай кідірген жолаушы пойызындағы жолаушыларғада ыстық тамақ пен салқын сулар тегін таратылып, медициналық көмек көрсетілді.