Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КӨШЕЛЕРІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРЛАНУДА

Өткен жылдың қорытындысымен аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Машат ауылдық округі тұрғындарының алдында берген онлайн есебінде және ауыл ақсақалдарымен кездескендегі көтерілген мәселелердің дені ішкі көшелерді жөндеу болатын. Айтылған мәселенің барлығы биылғы жылдың жұмыс жоспарына еңгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.Атап айтқанда биыл Машат ауылының 9,9 шақырымды құрайтын 7 көшесіне (Қыстаубаев, Әуезов, Баймаханов, Мырзабаев, Әбілдабек, Бекбаев, Кәрібаев көшелері) орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.Аудан әкімі аталмыш көшелердің бүгінгі жай-күйімен арнайы барып танысып, тиісті мамандармен ауыл әкіміне көше бойындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды алдыртып, жөндеу жұмыстарына дайындауды тапсырды.Бүгінгі таңда 7 көшенің сметалық құжаттары толығымен дайындалып, облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Қаржы бөлінген жағдайда жаз айларында жөндеу жұмыстары басталмақ.