Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЕРІКТІЛЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТ САЛЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЕРІКТІЛЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ АТ САЛЫСТЫ

Түркістан облысы Түлкібас аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен әсем табиғатымен ерекшеленетін, Түркістан облысы мен Шымкент шаһары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағының біріне айналған «Машат» шатқалында эко сенбілік өтті.

Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғам назарын ауыл-аймақтарда тазалықты сақтауға аудару және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға шақыру.Экологиялық акцияға, аудан әкімі Нұрлан Байғұт бастаған мемлекеттік қызметкерлер мен білім мекемелерінің ұжымы және ерікті жастар қатысты.

Шара барысында аудан әкімі экологиялық акцияға белсенді қатысып, баға жетпес қазынамыз саналатын табиғатымызды аялап, қастерлеуге ат салысқан ерікті жастар мен мекеме ұжымдарына алғысын білдірді. Сенбілік нәтижесінде жеті жарым шақырым күре жол бойы түрлі қоқыстан тазартылып, қап күл-қоқыс жиналды. Арнайы техника күшімен қоқыс тастайтын орынға тасымалданды. Айта кетерлік, аталмыш акция «Әз-Наурыз» мерекесінің күндік іс-шара жоспарындағы «Табиғат күніне» орай ұйымдастырылу керек болатын. Алайда, ауа-райының қолайсыздығынан кейінге шегеріліп, бүгін, көктемнің алғашқы мамыражай күнінде ұйымдастырылып отыр.