Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағұлов Рсметке Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады.

99 жастағы ардагер бұған дейін Ленгір қаласы, С.Сәулембаев көшесінің 64 үйінде тұрған. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай және де баспана кезегінің келуіне байланысты жаңа пәтердің кілті берілді. 4 ұл 5 қыз тәрбиелеп өсірген ақсақал бүгінгі күнде отбасының ұйытқысы болып отыр.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген мемлекеттің қамқорлығы ешқашан толастамауы тиіс. Әрқашан ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымыздың қадіріне жете берейік.