Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: СЫЙЛЫҚ – СЫЙЛАСТЫҚҚА, ӘРІ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА АЛЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: СЫЙЛЫҚ – СЫЙЛАСТЫҚҚА, ӘРІ СЫБАЙЛАСТЫҚҚА АЛЫП КЕЛЕДІ

Ислами құндылықтармен біте қайнасқан дәстүрлі әдет-ғұрпымызда ежелден сый тарту деген дәстүр бар. Дегенмен, бүгінгі күні сыйлық беру, әрі сыйлық алу – қалыпты құбылысқап айналғанымен, ол сыбайластықтың орнығуына және туындауына тікелей ықпал етеді.

Осыған орай, бүгін Қ.А.Ясауи кәсіби колледжінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен студент-жастарға ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған жиынға Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы, ақпараттық ағарту штабының төрайымы Ұ.Мұстафаева, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Тұңғышбаев пен аталмыш колледж директоры Алтынбек Кенжалиев қатысып, жас буынды қоғам індетімен күресуге және азаматтық белсенділікті арттыруға шақырды.

Келелі кездесу барысында ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері адал жолмен өрілген өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға оң бағыт-бағдар берді. Колледж студенттеріне сыйластықтың сыйлықпен өлшенбейтінін жіті түсіндіріп, сыйлық алу және сыйлық беру заңсыз әрекет болып табылатындығын атап өтті.

Алдағы уақытта да аталған штаб тізіміне бекітілген Ұлжалғас Әбенқызы, Мархабат Байғұт, Мұрат Алимбеков, Шойбеков Бекарыс, Ғалымжан Елшібай, Абпазов Айдос, Тұңғышбаев Ерұлан сынды қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері өңірде сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам қалыптастыру жолында белсене қызмет етіп, жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізетін болады.