Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: СКУТЕР-ШЕРИНГ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: СКУТЕР-ШЕРИНГ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Түркістан қаласында скутер-шеринг жобасы халық арасында тесттік режимге қойылып, пайдалануға берілуде. «Ozim Scoteer sharing» компаниясының Түркістан қаласындағы өкілі Мұрат Миркемелов қала бойынша келесі айда 12 бекет ашылатынын айтты. Онда жалпы саны 150 скутер қызмет ететін болады. Ал, қазіргі таңда 30 скутер қаладағы Б. Саттарханов даңғылы бойы («Алтын ұя» қонақ үйі) мен «Мерей» аумақтарына қойылған.Қала әкімдігімен бірлесе отырып іске асып жатқан жоба, яғни скутерлердің жылдамдығы сағатына 25 км дейін шектелген. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында белгіленген. Одан өзге, компания өкілінің айтуынша скутерлерді 18 жасқа толмаған адамдардың пайдалануына тыйым салынған. Егер скутер қолданушының кәмелет жасқа толмағандығы анықталса, онда бұл қолданушы бұғатталып, қызмет көрсету тоқтайды. Қызметті пайдалану үшін App Store немесе Play Market жүйесіндегі OZIM мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелу қажет. Ол үшін қолданушы жеке басын куәландыратын құжаттың алдыңғы жағын және құжатпен бірге суретке түсуі тиіс. Айта кетейік, скутерді алдын ала жалдау бағасы 1 минутына — 30 теңгені құрайды. Сондай-ақ, апталық және айлық абонементтер де қарастырылған.