Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН БЕЛГІЛІ ӘНШІ «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МЕН БЕЛГІЛІ ӘНШІ «БІЗ БІРГЕМІЗ!» АКЦИЯСЫНА АТСАЛЫСТЫ


Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданында «Біз біргеміз!» акциясы өтті. Бұл жолғы игі іс-шараға армрестилнг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қыдырғали Оңғарбаев пен белгілі әнші, сазгер Асқар Жайлаубаев көмекке мұқтаж бірнеше отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді.
«Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Қарымсақов бұл акцияның маңыздылығына тоқталып, елге елеулі азаматтардың еріктілер қатарына қосылып, атсалысқанына ризашылығын білдірді.
Жалпы «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Түркістан облысында 12 мыңнан астам отбасы көмекке ие болса, Шардара ауданында 800-ге жуық отбасыға көмек берілген.