Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КОНСУЛЬТАТИВТІК-КЕҢЕСШІ ОРГАН ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Ағатай Таженовтың төрағалығымен консультативтік – кеңесші орган мүшелерінің кезекті отырысы өтті.Отырысқа Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің, аудандық орталық аурухананың мен жұмыспен қамту орталығының және «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі қызметкерлерімен, сондай-ақ Шардара аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің және Шардара аудандық пробация қызметінің өкілдері қатысты.Отырыста Шардара аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Нұрдәулет Абдисалиұлы және Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Орынша Лесбайқызының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру баяндамалары тыңдалды. Іс-шара барысында өзара іс-қимыл мәселелері мен жұмыстың оң нәтижелері айтылып, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға 2021 жылға арналған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыс жоспарының жобасы әзірленді.