Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МУЗЕЙІНДЕ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МУЗЕЙІНДЕ «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркісиан облысы Отырар мемлекеттік археологиялық музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» тақырыбында қайырымдылық іс-шарасы өтті. 1992 жылы Біріккен Ұлттар ұйымы қазан айының екінші жексенбісін – «Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандар күні» деп белгіленген. Мүмкіндігі шектеулі жандар ерекше қамқорлық пен мейірбандылыққа зәру жандар. Балалық шақ-бұл бәріміздің ең бақытты шағымыз. Әр адам үлкейген сайын сол балалық шағын аңсайды, сағынады, сағына еске алады. Сондықтан әр бала өздерінің балғын балалық шағын мәңгі естен кетпестей етіп өткізсе дейміз. Балалардың барлығы да бірдей, құқықтары да бірдей.
Шараны музей директоры Ерсін Ботабайұлы ашып беріп, қонақтарды ораза айт мерекесімен құттықтап, балалардың денінің саулығы, сонымен қатар үлкен азамат болып өсуі ата-ананың басты арманы екенін атап өтті. Шара барысында музей қызметкері әннен шашу шашып балаларға көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Әбу-Насыр әл-Фарабидің туған жері Оқсыз қаласы туралы түсірілген «Оқсыз оқиғасы» атты мультфильм балалардың назарына ұсынылды. Балаларды рухани қолдау, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қорғаусыз топтарға қызмет көрсету, туған жердің тарихын насихаттау мақсатында ұйымдастырған шараға Отырар ауданынан мүмкіндігі шекетеулі 15-тен аса бала қатысты.

Шара соңында Отырар музейі балаларға естелік сыйлықтар тапсырып, мекеме басшысы жаз мезгілінде музей экспозициясы балаларға тегін қызмет көрсететіндігін айтып, тамашалауға шақырды. Іс-шарадан соң экскурсовод Гүлмира Арыстанбаева қонақтарды ораза айттың алғашқы күнінде Арыстанбаб кесенесіне зиярат етуге арнайы алып барып, тарихпен танысып қайтты.