Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

Еліміздегі ең ауқымды «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» жобасы жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты жастарға арналған.

Мұнда қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын — «Елбасы Медалімен» марапатталады!

Бүгін Ордабасы ауданының өрендері, Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Құрбан Нұрсұлу мен Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Бейсен Эльнара осы жобадағы алғашқы жетістіктері — «Елбасы медалімен» марапатталды.

Оқушыларды құттықтаған Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жарқын болашақтың кілті білімде екенін айтып, бүгінгі ізденіс пен жеңіске ұмтылыс ертеңгі үлкен жаңалықтардың ашылуына негіз қалайтынын жеткізді.