Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгін Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Төрткүл ауылында Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті жиналысын өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев қазіргі таңда зардаптарды жою және қалпына келтіру бойынша «Оңтүстік жарық» ЖШС тарапынан бағаналарды және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары басталатынын жеткізді.

Жалпы ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Ордабасы ауданының 4 ауыл округінде (Төрткөл, Қарақұм, Жеңіс, Бөген) электр жарығы сөнген. Аталған елді мекендерде 790 электр бағаналары құлап, 55 электр бағаналары майысқан, жалпы ұзындығы 40 шақырым электр сымдары үзіліп істен шыққан, 1 спорт алаңшасының қоршауы, 100-ге жуық тал құлаған. Бүгін төтенше жағдайға байланысты орын алған зардаптарды қалпына келтіру үшін 335 қызметкер, 15 техника жұмылдырылатынын баяндады.

Нұрбол Әбдісаттарұлы ауыл әкімдеріне жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыруды, әсіресе жарықты қосуға баса күш салуды тапсырды.

Аудан көлеміндегі барлық ауыл округтерде ауа-райының қолайсыздық қауіпі сейілгенге дейін, тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Сондай-ақ, электр жүйесі толық қалпына келтірмейінше электр энергиясын қосу қауіпті екені тұрғындарға түсіндірілуде.