Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: «ОРАЛМАН» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 711 ҮЙ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: «ОРАЛМАН» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 711 ҮЙ ТЕКСЕРІЛДІ

Оралман – тарихи отанына тұрақты тұру мақсатында елге келген, ҚР Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ.
Ағымдағы жылдың 2-5 шілде аралығында Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Оралман» профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат — «Оралман мәртебесінің мерзімін өткізіп алған этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде ҚР азаматтығын беруді» жүзеге асыру. Төрт күнге созылған іс-шара барысында жалпы 711 этникалық қазақтардың тұрғын-үйлері тексеріліп, оның ішінде «Оралман» куәлігінің мерзімі өткен 301 тұлға анықталып, оларға «Оралман» акциясы барысында жеңілдетілген тәртіппен ҚР азаматтығын алуға өтініш берулері немесе оралман мәртебесін созуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, профилактикалық шара бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан, түрлі себептермен «Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан, оралман куәлігінің мерзімін ұзартудан» 35 тұлға бас тартып, өз еріктерімен жазбаша түрде түсініктемелері алынды. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 47 этникалық қазақтардың оралман мәртебесі ұзартылып, ал 49 тұлғаның ҚР азаматтығын алуға тапсырған өтініштері алынып, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал, 35 этникалық қазақтардың оралман мәртебесі ұзартусыз қалуда. Оған себеп: жол жүруге қаражаттары жеткіліксіз, бос уақыттары жоқ, сырқаттанып қалған, мүмкіншілік жоқ дегендей жайттар. Яғни қазіргі таңда аталған тұлғалардың осындай себеп-салдарлары басшылыққа алынып, бұл бағыттағы жұмыстар бойынша тиісті іс-шаралар атқарылатын болады.
Еске сала кетсек, «Оралман» мәртебесінің уақыты өтіп кеткен оралмандар, оны ұзарту үшін жергілікті атқарушы органдарға барулары керек. Кейін жеңілдетілген түрде азаматтық алу үшін құжаттарын тапсыру қажет.