Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы жауынгерлік дайындығын арттыру үшін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал-майоры С.Камалдиновтың қатысуымен 2019 жылдың маусым айында Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округіндегі қорғаныс ротасы лагерінде іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті арнайы жұмылдыру басқармасының қызметкерлері, Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің полицейлері және жедел тергеу топтары қатысты. Ашық аспан астында полицейлер өздерінің жауынгерлік дайындығын арттырып, сап түзеу арқылы түгелденген соң бірден ұрыс алаңына шығып дайындықтарын бастап кетті. Оқу-жаттығу барысында тәжірибелі сақшылар өздерінің қаруды бес саусақтарындай меңгергендіктерін көрсете алды. Тұтқиылдан жау шапқанда немесе аяқ астынан соғыс басталып кеткен жағдайда өздерін қалай ұстап, бірінші кезекте не істейтіндіктерін саспастан байқатты. Қазақстан Полициясы күні мерекесі қарсаңында өткізілген бұл шараға көрермен ретінде қатысқан қонақтар жоғары бағаларын берді және де оқу жаттығу іс шарасы барысында ерекше құрметтің иесі болған Сарыағаш АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Бекмырзаев өзінің білікті де тәжірибелі маман екендігін дәлелдеп, Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы С.Нұрмағанбетов медалімен марапатталды. Сонымен, тактикалық оқу жаттығу іс –шарасы аясында жауынгерлік дайындығы жоғары сақшылар өздерінің білікті маман екендіктерін көрсете білді. Арнайы жұмылдыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры А.Бектасов, оқу-жаттығу взводы командирінің орынбасары полиция майоры Н.Алдашов, көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы полиция майоры Б.Жұмат, Сарыағаш АПБ-нің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Б.Мұсабек, Сарыағаш АПБ-нің аға инспекторы полиция подполковнигі Б.Жигитовтер мақтау қағаздарымен марапатталды. Оқу-жаттығуды өткізудегі негізгі мақсат – ТО ПД жеке құрам қызметкерлерімен кәсіби, қызметтік және денешынықтыру даярлығын жүйелі ұйымдастыру, қызметтік-жауынгерлік міндеттерін табысты орындауға машықтандыру, дағдарыстық арнайы операцияларды өткізу жағдайында заңды әрі тиімді әрекет ету әдістерін үйрету, арнайы-тактикалық денешынықтыру және атыс даярлығы жиындары болып табылады. Сөз соңында айтарымыз, оқу жаттығу шарасына тыңғылықты тәжірибелерімен келіп, біліктіліктерімен тәнті еткен полицейлер оқу жаттығуды өткізудің мақсаттарын толығымен орындады. Сонымен қатар, мұндай оқу-жаттығулар полицейлермен жыл сайын өткізіліп тұратын болды. Себебі, оның тәртіп сақшыларына берері мол.