Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАТАҚХАНА САНЫ АРТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАТАҚХАНА САНЫ АРТАДЫ

Еліміздің Тұңғыш Президенті 2018 жылы Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Олардың бірі студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған. Осы міндетке қол жеткізу үшін жекеменшік сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі әзірленді. Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылай қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз. Осылайша өңірлерде жатақханалар саны көбейеді. Бұл туралы брифингте ҚР БҒМ «Қаржы орталығы АҚ» Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин. «Бірінші атап өтетін жайт – жоғары сұраныстың болуы. Бүгінде елімізде студенттер тұратын 63 мыңнан астам орын-жайдың салынуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ірі қалалардан бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік. Тетіктің тұжырымдамасы мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделген. Инвестор, оқу орны немесе кәсіпкер тұлғасындағы жекеменшік құрылыс салушы өз қаражаты есебінен объектіні іске қосуды жүзеге асырады. Объектіні іске қосу сәтті болған жағдайда мемлекет оған мақсатты мемлекеттік тапсырысты орналастырады», — дейді Алпамыс Айдарұлы. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың басты шарты студенттің тұру фактісі болып табылады. Яғни, жан басына шаққандағы қаржыландыру принципі жұмыс істейді. Мемлекеттік тапсырыс ай сайынғы негізде 8 жыл мерзімге орналастырылады. Демалыс кезеңінде соңғы оқу айында тұрған студенттер саны ескеріледі. Бір студентке арналған мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері құрылыс салынған жағдайда 122 АЕК, реконструкция жасалған жағдайда 47 АЕК-ті құрайды. Бұл ретте алғашқы 12 айда мемлекеттік тапсырыс екіге тең болып келетін түзету коэффициенті ескеріле отырып төленеді. Мысалы, нақты 100 адам тұратын болса, төлемдер 200 адамға жасалады. Бірақ жатақхананың жобалық қуатынан аспауы тиіс.