Мобилді топ мүшелері тарапынан Түлкібас ауданы Манкент ауылы тұрғындарының, кәсіпкерлік нысан иелерінің санитарлық талаптарды сақтауы мен дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағаларының тұрақтылығына, қызу түсіретін дәрі-дәрмектердің сатылымда бар-жоқтығына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат індеттің таралуына жол бермеу, елдің амандығы.
Манкент ауылы тұрғындарының бетперде киіп жүруі мен кәсіпкерлік нысандар иелерінің санитарлық талаптарды сақтауына аудан әкімдігі тарапынан құрылған мобилдік топпен бірнеше рет бақылау, ескерту, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
Бүгінгі ахуал қандай?
Манкент ауылы орталығында жүрген тұрғындарының басым көпшілігі + — 95,0
пайызы бетпердемен жүр. Бетпердесіз жүрген азаматтарға бетпердесіз
жүруге болмайтынын, жасы үлкен азаматтардың көшеге мүлдем шығуға
болмайтынын шырылдап түсіндіріп жүрген аудан әкімінің орынбасары,
ауылдық округ әкімі, орынбасары мен әкімдік мамандары, ауыл
белсенділері.
Бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан бекітілген талаптарды орындауға селқос қараған 2 ет сату дүкеніне қатысты, учаскелік полиция қызметкері мен аумақтық ветеринарлық инспекция қызметкерлі тарапынан акт толтырылып, жұмысы тоқтатылды.
Дәріханалардағы дәрі–дәрмек бағалалары шектік бағадан асу мәселесі анықталмады. Дегенмен, халық көп қолданатын қызуды түсіретін дәрі-дәрмектердің тапшылығы байқалады. Дәріхана сатушыларына санитарлық талаптарды қатаң сақтау мәселесін басты назарда ұстау міндетті екені ескертілді.
Құрметті жерлестер! Аудан әкімінен бастап ауданымыздағы барлық жергілікті атқарушы билік өкілдері, депутаттар, жастар, партия белсенділері, ауыл билері тарапынан індеттің таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық талаптар: ара қашықтықты сақтау, бетперде тағып жүру, қолды үнемі жуып жүру, аса қажеттілік болмаса көпшілік орындарға бармаудың аса маңыздылығын түсіндіріп келеді. Телеарналар мен әлеуметтік желілерде де індеттің таралуына жол бермеудің басты қағидалары тұрақты айтылуда. Ендігі кезекте әлемді жайлаған індеттен өзіңізді, отбасыңызды, елді аман алып қалу әрбіріміздің сақтық шараларын қатаң ұстануымызға тікелей байланысты екенін ұмытпайық ағайын. .