Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА УАҚЫТША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ


Түркістан облысының Бас санитарлық дәрігерінiң №26 қаулысына сәйкес, Төлеби ауданы аумағындағы барлық демалыс аймақтары қызметіне уақытша тыйым салынды.
Індет өршіп тұрған тұста оқшауланып, демалыс аймағында боламын деген ойыңыз іске аспайды. Осы мақсатта жолға шығып, бос әуреге түсіп қалмаңыз. Сақтық шараларын қатаң ұстау әрбір азамат міндеті. Өзіңіз, отбасыңыз, туған туыстарыңыздың амандығы үшін шектеу қағидаларын орындау тиіс. Егер олай болмаған жағдайда яғни, карантин талаптарын сақтамаған азаматтар үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Әлемді алаңдатқан індет тарау жағдайында бос уақытыңызды өз шаңырағыңызда оқшауланумен өткізгеніңіз қоғамға жасаған шексіз құрметтің белгісі деп біліңіз. Сақтықта қорлық жоқ.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан аталмыш мәселеге орай демалыс аймақтарына баратын жолдарда бекеттер қойылып, демалушылар, келуші қонақтар керi қайтарылуда. Барлық деңгейдегі сақтық шараларына түсіністік танытып, оның орындалуына атсалысқандарыңыз абзал.