Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАН ӘКІМІ ДӘРІХАНА ИЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПРОВИЗОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАН ӘКІМІ ДӘРІХАНА ИЕЛЕРІ ЖӘНЕ ПРОВИЗОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясының алдын-алу, тұрғындарға дер кезінде қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып отыр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі дәріханаларда аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына алаңдаушылық білдіріп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайтындығын жеткізген. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу жөнінде тиісті тапсырмалар жүктегені туралы БАҚ беттерінде жазылуда.
Карантин режимінде ауданымыздағы дәріханаларда дәрі-дәрмек қорының болуы, қажеттілігі туындаған азаматтарға дер кезінде табуына жағдай жасау мақсатында Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов аудандағы дәріхана иелерімен және провизорлармен кездесу өткізді.
Кездесуде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тарапынан көтерілген міндеттер мен аудан тұрғындарының сұранысы жоғары дәрілік заттарды жеткізу мәселесін талқылап, препараттардың бағасын негізсіз көтермеу жөнінде келісімге келді.
Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы кәсіпкерлерді сын сағаттарында бірлесіп, ел игілігі үшін аянбай жұмыс істеуге шақырды.