Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында үздік журналисттік жұмыстарға байқау жарияланғанын хабарлаймыз.
Байқауға қатысуға Түркістан облысы бойынша барлық деңгейдегі БАҚ өкілдері шақырылады.
2020 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдерін, студиялық жазбалар, мақалалар мен сұхбаттар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.
Ақпараттық агенттіктердің журналисттері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.
Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні — 2020 жылғы 5 қараша.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаян, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауда келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталады:

  • Үздіктеле/радио сюжет немесе теле/радио сюжеттердің циклі;
  • Баспасөз басылымдарындағы үздік жарияланым;
  • Ақпараттық агенттіктердегі үздік жарияланым;
  • Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;

Бір қатысушы Байқауға бір номинация бойынша ғана қатыса алады және сол номинацияға 3-тен аспайтын жұмысын ұсына алады.

Байқау бойынша толық ақпаратты: ұйымдастырушы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Facebook әлеуметтік желідегі https://www.facebook.com/anticorruption.turkistan.kz/?modal=admin_todo_tour парақшасынан алуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша +7701-7877585 ұялы телефоны бойынша хабарласуға болады. Материалдарды жолдау үшін электронды мекенжай: anticor13@mail.ru