Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінде елімізге белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы «Жоғарғы оқу орындарының ең үздік оқытушысы», іріленген Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Бегім Серіковтің ескерткіш тақтасының ашылу салтанатты өтті. Шараға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов және ғалымның қызметтес достары мен ел ағалары қатысты.


Жиында сөз алған азаматтар Бегім Серіковтің іскерлігін, адами қасиетін, ел үшін атқарған еңбектерін әңгімелеп, түрлі естеліктерімен бөлісті.
Жиын соңында көпшлік қауымға арналып ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталды.