Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Елбасының 2018 жылдың 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының 4-бағытында азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат бағытының сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болатындығын атап өткен.
Сондай-ақ осы Жолдаудың 3-тармағының 1-тармақшасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізуді тапсырған. Ол үшін 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс делінген.
Жолдауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті (Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының) тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 маусым күні Рысқұлов ауылдық округінің мәдениет үйінің ауласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ЖӘРМЕҢКЕСІ өткізілді.
Іс-шараға аудан әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімшесінің бас инспекторы, ХҚКО-ның НР менеджері мен мамандары сондай-ақ жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты. Жәрмеңкеге келген ауылдық округ тұрғындарына ХҚКО-ға бармай-ақ жұмыс орнында, үйде немесе ауылдық округ әкімі аппараттарында, білім беру ұйымдарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» немесе Telegram-бот мессенджері арқылы қызмет алу бойынша түсіндіріп, қойған сұрақтарға толық мағлұматтар берді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттық жүйелерден электронды түрде алу «Telegram-бот», «Цифрлық агент» атты 200 брошюра таратылды.
Жәрмеңке барысында аудандық мәдениет үйінің мамандары сахналық қойылым қойып, ән шырқалды.
Айта кетерлік, алдағы уақытта осы тұрғыдағы жәрмеңке аудандағы барлық ауылдық округтерде жүргізілетін болады.