Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТЕН БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БЕРУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛҒАН ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТЕН БЕРІЛЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БЕРУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛҒАН ЗАҢСЫЗДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен
Кентау қаласы әкімдігінің Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ Құрылыс және сәулет бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Кентау қаласының әкімі Д.Мақажанов пен дербес бөлім басшылары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы мен сәулет және құрылыс бөлімдерінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен ауыл әкімдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында тұрғын-үй беру кезінде кезектіліктің сақталмағандығы мен кезектілікте мүлдем тұрмаған азаматтарға пәтер беруге қатысты анықталған кемшіліктер аталып өтіліп, жауапты мамандар алдында талқыланды.

Шара соңында Кентау қаласының әкіміне анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюды жеке бақылауына алу ұсынылып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, бірқатар азаматтарға ескертпелер айтылды.