Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕР БОЛАМЫН ДЕГЕНДЕРГЕ ЖОҚТАН БАР ЖАСАП ОТЫР

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТ КӘСІПКЕР БОЛАМЫН ДЕГЕНДЕРГЕ ЖОҚТАН БАР ЖАСАП ОТЫР

Мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында түрлі бағдарламалар жұмыс жасауда. Тек сіз еңбек етіп, алға ұмтылсаңыз болғаны.

Міне, осы мақсаттағы ұтымды жобаның бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы». Аталған бағдарлама аясында Келес ауданының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бастау бизнес» жобасының екінші кезеңі аяқталып, нәтижесінде жас кәсіпкерлердің ұсынған 44 жобасы аудандық комиссия алдында мақұлданды. 

Тарқатып айтсақ, Келес ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және өңірлік «Атамекен» Ұлттық қәсіпкерлер палатасы тарапынан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары жүргізілген-тін. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының берген мәліметі бойынша, 1-ші топта 33 азамат оқу курсын аяқтады. Ағымдағы жылдың 28-ші мамырында 2-ші топ бітірушілері, яғни 53 азаматтан 44 азамат аталмыш курстарда оқуды аяқтады. Курсты бітірген азаматтар кәсіпкерлік бойынша терең білім алып, алдағы уақытта алған білімдерін өз кәсіптерін дамытуға жұмсамақ.

Енді мақұлданған жобалар өз ретімен толық қолдау тапса, болашақ кәсіпкерлер алдағы уақытта дәнекерлеу жұмыстарын, кондитерлік цехін, түйе және ірі қара мал шаруашылығы бағыттарын ашуды көздеп отыр. Олардың бәрі кәсіпкерлік қабілетті анықтайтын алдын ала тестілеуден өтті. Жалпы курс 12 тақырыптық бөліктен тұратын 1 айлық оқу. Қорыта айтқанда, егер сіз үйіңізде отырып, кәсіпкерлікпен айналуға ниет танытып, кез-келген аудандағы кәсіпкерлік мектебіне барсаңыз. Сізді мемлекет есебінен арнайыы курстарға оқытып, алдымен кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді. Сонан соң алған біліміңізді пайдаланып, жасаған бизнес жоспарыңызға мемлекет есебінен жеңілдетілген несие береді. Бұл жоқтан бар емей не деп ойлайсыз? Ары қарай тынбай тірлік жасаңыз.