Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ АЙТТЫҚ ТАРАТТЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫ АЙТТЫҚ ТАРАТТЫ

Мақтаарал аудандық ішкі саясат, мәдегиет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ауданның белсенді жастарынан құрылған «Мейірім» еріктілер клубының мүшелері ораза айттың алғашқы күнінде Мырзакент және Атакент кенттерінде айттық таратты. Кенттердегі адам көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталықтарында тегін көже, бауырсақ және нан таратқан жастар мұндай шараны ораза басталғалы бірнеше рет ұйымдастырып отыр.


«Мақсатымыз – тұрғындарға, әсіресе, жастарға қасиетті мерекелерімізді кеңінен насихаттау, жүректеріне мейірім ұялату. Біздің бұл шараны өткізуімізге өзіміз секілді белсенді жастар атсалысты. Алдағы уақытта мұндай шараларымыз жалғасын таба беретін болады» дейді «Мейірім» еріктілер клубының мүшесі Салтанат Тұңғатарова.
Айта кетейік, бұған дейін аудан аумағындағы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі деңгейлерде қайырымдылық акцияларын өткізген Мақтааралдың сан сала мамандарынан құрылған белсенділер клубы бүгінгі шараға 100 литр көже, 50 келі бауырсақ пен 400 нан дайындаған.