Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Өңір басшылары Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Өргебас, Фирдауси және Мырзакент ауылдарын аралап, тұрғындармен сұхбаттасты. Су тасқыны салдарын жою бойынша штаб жиналысын өткізіп, онда атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелерді әрбір жауапты мекемелердің бірінші басшыларымен талқылады.

Жиналыс барысында бірнеше проблемалар анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Нақтылап айтқанда, жұмысшы күші тапшылығы туындап жатқан нысандарға көрші аудандар және көрші елден қосымша жұмыс күшін тарту, мерзімінен артта қалып жатқан мердігер компаниялардың жұмысын барынша тездету сияқты шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, 2020 тұрғынға 100 мың теңгеден қаржы беру мәселесі бір апта көлемінде, ал 120 отбасыға 1000 доллардан берілетін қаржы мәселесі 1-2 күнде өз шешімін табатын болады.

Алдағы атқарылатын жұмыстарды егжей-тегжейлі талдап шығып, штаб жұмысының жол картасын бекітілді.